250-ГЕ ЖУЫҚ МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша ЭТТД өкілдері 250-ге жуық медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Шараның мақсаты – «Заң мен Тәртіп», «Адал азамат» қағидатын насихаттау, сонымен қатар агенттік Төрағасының тапсырмасына сәйкес, ауқымды имидждік жұмыстарды жүргізу.

Жиынға аймақтың рухани, экономикалық тұрғыда дамуына үлес қосып жүрген облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы арнайы қатысты. Кездесуде қатысушыларға Қаржылық мониторинг агенттігінің атқарып жатқан жұмысы, дропперлерге арналған жаңа заң, Қылмыстық кодекстің 232-1 бабы бойынша кеңінен тарқатып айтылды. Сондай-ақ, «Fin IQ» жобасы, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы жайлы түсіндірілді.







