СЫР ЕЛІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ НЫСАНДАРЫ – ЖАҢАШЫЛДЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ҮЙЛЕСІМІ

0
248

Қызылордаға жұмыс сапарымен келген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов өңірдегі әлеуметтік, мәдени және рухани даму бағытында қолға алынған ірі жобалармен танысты.

Сыр елінде соңғы жылдары рухани-мәдени нысандар жаңадан бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Қасиетті мекенге  табан тіреген мәртебелі меймандар сол жаңа нысандардың тыныс-тіршілігімен танысады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары іссапары барысында алдымен жаңадан салынып жатқан Достық үйінің құрылысын көріп,  ғимараттың этносаралық татулық пен қоғамдық келісімге қызмет ететін маңызды алаң болатынын атап өтті. Заманауи талаптарға сай салынып жатқан бірлік тұрағы – этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың, жастардың бірлескен жобаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін жаңа форматтағы кеңістік болмақ.

Марат Әзілханов жаңадан ашылған Қызылорда облыстық музейінде болып,  өңір тарихы мен мәдениетінен сыр шертер экспонаттармен, құжаттармен танысты.

Сапары аясында Ассамблея Төрағасының орынбасары “Анаға тағзым”орталығына, жасөспірімдерге арналған “Сыр жұлдыздары” шығармашылық-инновациялық академиясына, Отбасы және Өнер орталықтарына, жаңадан салынып жатқан қаланың іргелі спорттық инфрақұрылымы саналатын және евростандарттарға сәйкес келетін орталық стадионның құрылысына барды.

Әрбір нысандағы жұмыстармен жан-жақты танысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары аймақтағы рухани-мәдени жаңғыру бағытында атқарылып жатқан игі істерге оң бағасын берді.

 

Advertisements