20-МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ «FIN IQ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИКТАНТЫН ТАПСЫРДЫ

158

Қаржылық мониторинг агенттігі 10-20 қазан аралығында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық тест өткізуде. Сыр елінің тұрғындары аталған тестке белсене ат салысып, қаржылық сауаттылық деңгейлерін тексерді. Бүгінде 20-мыңнан астам аймақ тұрғыны  «дроп», «онлайн-алаяқтық», «ақшаны жылыстату» тақырыптарында  сұрақтарға жауап беріп, агенттік сертификатын иеленді.

Айта кетейік, 20-25 қазан аралығында   тесттен жоғары ұпай жинаған  алғашқы 10 қатысушы арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Advertisements