Қызылорда облысында «дабыл» сиренасы тексеріледі

115

Paparaci.kz Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтарының назарына! Аймақта өтетін «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы кезінде 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11:00 минутта «Баршаның назарына!» дабыл сигналы бойынша азаматтық қорғаныс құрылымының құлақтандыру жүйесі тексеріледі.

Жалпы 25-27 ақпан аралығындағы оқу-жаттығуда көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға дайындық барысы пысықталады. Және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күш-құралдарының әзірлігі тексеріліп, өзара іс-қимыл тәртібі жетілдіріледі. Сонымен қатар, халықты құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіліп, дабыл сиреналары іске қосылады.

Осыған байланысты оқу-жаттығу кезінде тұрғындарды сабырлық сақтап, дүрбелеңге жол бермеуді, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз.

Advertisements