Жолшылар ұжым болып өз таңдауын жасады

80

Paparaci.kz Елімізде өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Қызылорда облыстық филиалының ұжымы да маңызды саяси науқанға үн қосып, ел ертеңі үшін дауыс берді. Жолшылар мемлекеттік іске бей-жай қарамай, Ата заңдағы өзгерістерге қатысты өз таңдауын жасады. Жалпы филиал ұжымы мемлекет болашағына бағытталған бастамаға жауапкершілікпен қарап, қызметкерлер ауызбіршілік танытты.

Жалпы Қызылорда облысында 492 524 дауыс беруші  тізімге енгізілген, 378 учаскеде 2642 комиссия мүшесі қызмет атқарады.  Қызылорда қаласында 126 учаске бар,  қалғаны аудандарда орналасқан. Дауыс беру таңғы сағат 7.00-ден басталып, 20.00-ге дейін жүргізіледі.

Advertisements