«Таза Қазақстан»: Қызылордада ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысып, аймақта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Бүгінде Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында санитарлық тазалықты сақтау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бағдарлама тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, өңірдің сәулеттік келбетін жақсартуға, қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуға және тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауға негізделген.
Аймақта бюджет қаражатынан бөлек, кәсіпкерлердің демеушілігі арқылы да көптеген маңызды жобалар жүзеге асуда. Соның нәтижесінде демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, спорт кешендері мен орталық алаңдар жаңартылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи талаптарға сай жөндеуден өткізілуде.
Соңғы жылдары Қызылорда қаласының келбеті айтарлықтай өзгеріп, жаңа қоғамдық кеңістіктер пайда болды. Атап айтқанда, облыс орталығындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі және «Қорқыт ата» сквері толықтай қайта жаңғыртылып, тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналды.
Мемлекет басшысының облыс орталықтары маңынан экопарктер құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласында жаңадан Президент саябағы салынды. Жалпы аумағы 31 гектарды құрайтын саябақта тұрғындардың жайлы демалуына барлық мүмкіндік қарастырылған. Мұнда заманауи субұрқақтар, амфитеатр, балалар ойын және спорт алаңдары, 50 метрлік шолу дөңгелегі, веложолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жолдар салынған. Сонымен қатар санитарлық-гигиеналық нысандар да орнатылған.
Саябақты көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән беріліп, аумаққа 10 мыңнан астам ағаш көшеті, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 мың көпжылдық гүл егілді. Бұл жұмыстар экологиялық ахуалды жақсартумен қатар, қала тұрғындары үшін табиғи әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Қазіргі таңда Президент саябағы аумағында 300 орындық балалар лагері мен Ботаникалық білім беру орталығының құрылысы жүргізілуде. Жоба аясында тропикалық және экзотикалық өсімдіктер бағы ашылып, ол өңірдегі ерекше танымдық әрі туристік нысандардың біріне айналмақ.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар облыстың барлық ауданында жүйелі түрде жалғасуда. Соңғы уақытта жаңа демалыс орындары мен аллеялар салынып, көшелер абаттандырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, демеушілер қолдауымен Жаңақорған ауданында жаңа демалыс паркі пайдалануға берілді. Ал Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында «Еңбекшілер аллеясы» салынып, тұрғындардың игілігіне ұсынылды. Сонымен қатар Қармақшы ауданына қарасты Жаңажол ауылында орталық алаң жаңартылып, Жалағаш ауданының Таң ауылындағы көшелер көркейіп, инфрақұрылымы жақсарды.
Өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру бағытында да ауқымды жұмыстар қолға алынған. Қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және қайта кәдеге жарату саласында «Жасыл даму» АҚ қаржыландыруымен 9 жоба жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар экологиялық ахуалды жақсартуға және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ аталған салаға шетелдік инвестициялар тартылып, озық технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда қаласында шетелдік компаниялардың қатысуымен екі ірі инвестициялық жобаның құрылысы басталып, экологиялық инфрақұрылымды дамытуға серпін беруде.
Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар өңірдің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, елді мекендердің көркін арттыруға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, Қызылорда облысының әлеуметтік-экологиялық дамуына тың серпін бермек.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Exit poll нәтижесі жарияланды
24 августа, 2026, 01:26Құрылтай сайлауы: алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы алғашқы үштікте
24 августа, 2026, 01:24Жаңақорғанда Құрылтай сайлауы күні 3 сәби дүниеге келді
24 августа, 2026, 01:21
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
Exit poll нәтижесі жарияланды
24 августа, 2026, 01:26 -
Құрылтай сайлауы: алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы алғашқы үштікте
24 августа, 2026, 01:24 -
Жаңақорғанда Құрылтай сайлауы күні 3 сәби дүниеге келді
24 августа, 2026, 01:21 -
Қармақшы ауданының келіндері ұлттық киіммен сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді
23 августа, 2026, 15:15 -
Құрылтай сайлауы: Шетелдегі алғашқы учаскелер дауыс беруге кірісті
23 августа, 2026, 15:11
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.







