Сырдария ауданында кадрлық өзгерістер таныстырылды

48

Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан активінің мәжілісі өтіп, онда бірқатар кадрлық өзгерістер таныстырылды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, мекеме жетекшілері, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Актив отырысында аудан басшысы мемлек

еттік қызмет жүйесіндегі жаңа тағайындауларды жариялап, жауапты қызметтерге тағайындалған азаматтарды таныстырды.

Аудан әкімінің өкіміне сәйкес, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Ешниязов Нұржан Ерділдаұлы, Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметіне Байдушев Димаш Серікбайұлы, ал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына Тұрлыбеков Ғафур Абдуллаұлы тағайындалды.

Жиын барысында жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің өмірбаяндары мен еңбек жолдары таныстырылып, олардың әр жылдары мемлекеттік басқару саласында атқарған қызметтері, жинақтаған тәжірибелері мен кәсіби біліктіліктері туралы айтылды. Сонымен қатар, жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, өңірдің дамуына үлес қосады деген сенім білдірілді.

Аудан әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындау, халықпен тиімді байланыс орнату және мемлекеттік қызметтің нәтижелілігін арттыру мәселелеріне тоқталды.

– Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әрбір мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарып, халықтың сенімін ақтауы қажет. Бүгінде ауданымызда әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, құрылыс және инфрақұрылым салаларын жетілдіру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел әрі сапалы жауап беру де негізгі міндеттердің бірі болып қала береді. Осы ретте жаңа қызметке тағайындалған әріптестеріміздің тәжірибесі мен кәсіби әлеуеті ауданның дамуына оң ықпал етіп, алға қойылған міндеттердің нәтижелі орындалуына өз үлесін қосады деп сенемін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Жиын соңында аудан басшысы жаңадан тағайындалған азаматтарға жауапты қызметтерінде табыс тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды сапалы әрі нәтижелі атқару қажеттігін атап өтті.

Актив отырысында мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы міндеттер кеңінен талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтар айқындалды.

Advertisements