
Бүгін Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш және құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Сұрапыл соғыс жылдарында тылда тынымсыз еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды. Ел басына күн туған ауыр кезеңде еңбек майданына араласқан аға буынның ерлігі мен төзімі бүгінгі ұрпақ үшін тағылымды өнеге екені атап өтілді.
Аудан басшысы алдымен Әйтеке би кентінде тұратын 90 жастағы тыл ардагері Қаным Құрманбаева мен Ұлы Отан соғысы ардагерінің жары, тыл ардагері Қанымкүл Оспанованың шаңырағына барып, мерекелік лебізін жеткізді. Сондай-ақ Жалаңтөс батыр ауылындағы тыл және еңбек ардагері Дәуіт Сайын мен Қазалы қаласында тұратын Мәлік ақсақалдың үйіне арнайы барып, құрмет көрсетті.
Кездесу барысында аудан әкімі тыл еңбеккерлерінің Жеңіс жолындағы еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Майдан даласына қажетті азық-түлік пен киім-кешекті қамтамасыз етіп, күн-түн демей еңбек еткен тыл ардагерлерінің қажырлы еңбегі бейбіт өмірдің берік негізі болғаны айтылды.
Сондай-ақ ел ағаларының өнегелі ғұмыры, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі мен ел бірлігін сақтаудағы парасаты ерекше құрметке лайық екені жеткізілді. Ақ жаулықты аналар мен ақсақалдардың батасы – елдің берекесі мен ырысының бастауы екені атап өтілді.
Өз кезегінде ардагерлер көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп, ақ баталарын берді.
Exit poll нәтижесі жарияланды
24 августа, 2026, 01:26Құрылтай сайлауы: алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы алғашқы үштікте
24 августа, 2026, 01:24Жаңақорғанда Құрылтай сайлауы күні 3 сәби дүниеге келді
24 августа, 2026, 01:21
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
Exit poll нәтижесі жарияланды
24 августа, 2026, 01:26 -
Құрылтай сайлауы: алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы алғашқы үштікте
24 августа, 2026, 01:24 -
Жаңақорғанда Құрылтай сайлауы күні 3 сәби дүниеге келді
24 августа, 2026, 01:21 -
Қармақшы ауданының келіндері ұлттық киіммен сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді
23 августа, 2026, 15:15 -
Құрылтай сайлауы: Шетелдегі алғашқы учаскелер дауыс беруге кірісті
23 августа, 2026, 15:11
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.







