Қазалы ауданында көктемгі егіс, қауіпсіздік және бірқатар өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен көктемгі егіс жұмыстарына байланысты мәжіліске аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысты. Мәжілістен кейін аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша арнайы жиын өткізіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиында алдымен көктемгі егіс жұмыстарының барысы қаралды. Биыл аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын 17 257 гектар жерге орналастыру жоспарланған. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш көлемі 5400 гектарды құрайды.
Аудан әкімі жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне көктемгі дала жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы ұйымдастыруды, суармалы алқаптарды аяқ сумен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ су жеткізу қызметіне қалыптасқан берешектерді қысқа мерзімде өтеу қажеттігін ескертіп, бұл мәселені қатаң бақылауға алуды міндеттеді.
Күн тәртібінде жазғы суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселесі де қаралды. Соңғы жылдары орын алған қайғылы оқиғаларға тоқталған аудан әкімі балалар мен тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық екенін атап өтті.
Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы су айдындарында атқарылып жатқан рейдтер мен профилактикалық жұмыстар туралы баяндады. Осыған байланысты аудан басшысы қауіпті аймақтарға ескерту белгілерін орнату, тәуліктік кезекшілік ұйымдастыру, полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің бірлескен рейдтерін тұрақты жүргізу жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын БАҚ пен әлеуметтік желілерде күшейту міндеттелді.
Мәжілісте көктемгі әскерге шақыру науқаны да қаралды. Жоспардың орындалу деңгейінің төмендігі сынға алынып, ауылдық округ әкімдері мен жауапты мекемелерге нақты адрестік жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Соңында аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі санитарлық тазалық пен абаттандыру мәселелері көтерілді. Аудан әкімі анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырып, барлық тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.
KazRoadLab: Жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылаудың цифрлық жүйесі
19 октября, 2026, 18:58Жүгері дақылын өсіру жұмыстары қолға алынуда
18 октября, 2026, 15:43Еңбек күні және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті
17 октября, 2026, 20:55
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
KazRoadLab: Жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылаудың цифрлық жүйесі
19 октября, 2026, 18:58 -
Жүгері дақылын өсіру жұмыстары қолға алынуда
18 октября, 2026, 15:43 -
Еңбек күні және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті
17 октября, 2026, 20:55 -
«Еңбекпен өрілген ғұмыр» атты конференция және «Өмір көшіндегі өнеге» кітабының тұсаукесері өтті
17 октября, 2026, 20:52 -
Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған қазақ күресінен республикалық турнир басталды
17 октября, 2026, 20:48
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.







