Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы жылыжай жұмыстары таныстырылды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы қаласында «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде жеңілдетілген несие алып, жылыжай шаруашылығын дамытып отырған кәсіпкерлердің жұмысымен танысты.
Алдымен аудан басшысы жеке кәсіпкер Әділжан Піржановтың жылыжай кешенінде болды. Кәсіпкер 2025 жылдың тамыз айында жалпы құны 5,0 млн теңге болатын жобаны іске қосып, қазіргі таңда қияр мен қызанақ өсіруде. Өнімдері Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы тұрғындарына ұсынылып, нарықта сұранысқа ие болуда. Жоба аясында 1 тұрақты жұмыс орны ашылған.
Одан кейін аудан әкімі Ерболат Тілеуовтің жылыжай шаруашылығын көрді. Құны 9,6 млн теңгені құрайтын жоба 2026 жылдың шілде айында іске қосылған. Кәсіпкер қияр өсіріп, биыл екінші жыл қатарынан өнім алып отыр және алдағы уақытта шаруашылығын кеңейтуді жоспарлауда.
Кездесу барысында аудан әкімі мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіле беретінін атап өтіп, кәсіптерін кеңейтуге ниетті азаматтарға тиісті мүмкіндік жасалатынын жеткізді.
Өз кезегінде кәсіпкерлер «Ауыл аманаты» жобасының тиімділігін атап өтіп, мемлекет қолдауының арқасында өз істерін дамытуға мүмкіндік алғандарын айтты.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Бүгінге дейін аудан бойынша жоба аясында 200-ден астам азамат өз кәсібін бастап, өңір экономикасына үлес қосып келеді. 2023 жылдан бері жобаларды іске асыруға 1 млрд 581 млн теңге қаржы бөлінген.
Қызылордада Қазақстан драма театрларының XXXI фестивалі басталды
20 октября, 2026, 12:09
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
Қызылордада «Green Aral: Volunteers for Life 2026» халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды
20 октября, 2026, 17:08 -
Қызылордада Қазақстан драма театрларының XXXI фестивалі басталды
20 октября, 2026, 12:09 -
KazRoadLab: Жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылаудың цифрлық жүйесі
19 октября, 2026, 18:58 -
Жүгері дақылын өсіру жұмыстары қолға алынуда
18 октября, 2026, 15:43
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.







