Аудан әкімі кенттегі жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын бақылады

33

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан орталығындағы автомобиль жолдарына жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу және Т. Бөріқұлақов, Жетес би көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарымен танысып, жол құрылысының сапасын бақылады.

Алдымен аудан басшысы Әйтеке би кентіндегі «Жанқожа батыр көшесінің айналма жолын қайта жаңғырту» жобасының жүзеге асу барысын көрді. Қазіргі таңда айналма жолда жер тегістеу, тас төсеу, каналдарға темірбетонды плиталар орнату жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы ұзындығы 3,192 метрді құрайды.

Мердігер мекеме – «Қазалы Жолшы» ЖШС айналма жол құрылысын шілде айына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр. Аудан әкімі бұл жобаның кент орталығындағы көлік қозғалысын реттеп, жол кептелісін азайтуға және тұрғындар қауіпсіздігін арттыруға маңызды үлес қосатынын атап өтіп, жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, аудан орталығында В. Счастнов орамы, Жанқожа 3 км, Төремұрат жырау орамы, Ы. Жақаев және Ш. Қалдаяқов көшелерін қоса алғанда 13 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Р. Сабырбаев, С. Сейфуллин, Біржан сал, Жалаңтөс батыр, Ж. Аймауытов, М. Шоқай, С. Сүлейменов көшелерінің тозған асфальт қабатын жаңарту жұмыстары да қатар атқарылуда.

Аудан басшысы кент көшелеріндегі жөндеу жұмыстарын аралау барысында Әйтеке би кентінің әкіміне жол сапасын күнделікті бақылауда ұстап, жоспарланған жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтауды ескертті.

Сондай-ақ аудан әкімі Т. Бөріқұлақов және Жетес би көшелерінде салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының құрылысымен танысты. Жобаға сәйкес, Бөріқұлақов көшесіндегі тротуардың ұзындығы 2,5 шақырым, Жетес би көшесінде 1,6 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Ақнұр Авто» және «Айым Алтын» ЖШС жүргізуде.

Аудан әкімі жаяу жүргіншілер жолының балалардың мектепке қауіпсіз қатынауы мен тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруы үшін маңызды екенін атап өтіп, мердігерлерге жұмыстарды сапалы әрі жедел аяқтауды тапсырды.

Сапар барысында кенттің санитарлық тазалығы да назардан тыс қалмай, аудан әкімі анықталған кемшіліктер бойынша кент әкіміне шұғыл түрде тазалық жұмыстарын күшейтуді жүктеді.

Advertisements