
Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу іс-шаралары аясында ақынның жары Жұмагүл Сариева, қызы және немересі Арал ауданына арнайы келіп, өңірдегі бірқатар мәдени-рухани нысандардың қызметімен танысты.
Сапар барысында қонақтар алдымен қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әдебиет үйіне барып, жазушы мұрасына арналған экспозициялармен және қордағы құнды жәдігерлермен танысты. Бұл кездесу өңірдің әдеби кеңістігіндегі сабақтастық пен рухани байланысты айқындай түсті.
Одан кейін делегация «Руханият» орталығына барып, орталықтың музейлік қорлары мен мәдени-ағартушылық бағыттағы жобаларын тамашалады. Экскурсия барысында ерекше сәт орын алып, Жұмагүл Сариева ақынның сахналық смокингі мен аяқ киімін музей қорына табыстап, Шөмішбай Сариевтің жеке заттарын келешек ұрпаққа аманат етті. Бұл қадам ақын мұрасына деген құрметтің айқын көрінісі ретінде бағаланды.
Сапар аясында орталық кітапханасында оқырмандармен кездесу ұйымдастырылып, ақын шығармашылығы мен қазақ поэзиясының қазіргі дамуы туралы мазмұнды пікір алмасу өтті. Кездесу барысында қатысушылар руханият пен әдебиеттің қоғамдағы орны жөнінде ой бөлісті.
Қонақтар бұдан бөлек «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №292 орта мектепке барып, оқу ордасының материалдық-техникалық базасымен және білім беру үдерісімен танысты. Мектеп ұжымымен және оқушылармен өткен кездесуде ақын мұрасына арналған тағылымды кеш ұйымдастырылып, жас буынға поэзия құндылықтары кеңінен насихатталды.
Сапар соңында делегация «Балықшылар» аллеясына барып, оның абаттандырылу деңгейін және ондағы «Балықшылар» музейінің жұмысын көріп шықты.
Бұл тағылымды сапар Арал өңіріндегі рухани-мәдени инфрақұрылымның даму деңгейін көрсетіп қана қоймай, Шөмішбай Сариев мұрасын ұлықтау және ұлттық құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы жүйелі жұмыстың жалғасын айқындады.
Exit poll нәтижесі жарияланды
24 августа, 2026, 01:26Құрылтай сайлауы: алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы алғашқы үштікте
24 августа, 2026, 01:24Жаңақорғанда Құрылтай сайлауы күні 3 сәби дүниеге келді
24 августа, 2026, 01:21
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
Exit poll нәтижесі жарияланды
24 августа, 2026, 01:26 -
Құрылтай сайлауы: алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы алғашқы үштікте
24 августа, 2026, 01:24 -
Жаңақорғанда Құрылтай сайлауы күні 3 сәби дүниеге келді
24 августа, 2026, 01:21 -
Қармақшы ауданының келіндері ұлттық киіммен сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді
23 августа, 2026, 15:15 -
Құрылтай сайлауы: Шетелдегі алғашқы учаскелер дауыс беруге кірісті
23 августа, 2026, 15:11
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.







