Қазалыда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік кеш өтті

Бүгін Қазалы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Мәдениет және өнер» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
Аудандық мәдениет орталығында өткен мерекелік кеште Сыр өңіріне арнайы келген Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұжымы қазалылықтарға ерекше өнер кешін ұсынды. Сонымен қатар «Astana Musical» мемлекеттік театрының «Мюзикл әлемі» атты концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылды. Мерекелік бағдарлама «Халық әуені» мәдени жобасы аясында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен және Halyk Bank демеушілігімен жүзеге асырылуда.
Салтанатты шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, өңір руханиятының дамуына қосқан үлестерін ерекше атап өтті.
Аудан әкімі өз сөзінде мемлекет тарапынан мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтып, Қазалы ауданында да осы бағытта бірқатар маңызды жобалар жүзеге асқанын жеткізді. Атап айтқанда, «Руханият» орталығы, Қазалы мәдени-демалыс кешені, Роза Бағланова атындағы 600 орындық мәдениет орталығы, сондай-ақ Кәукей мен Майдакөл ауылдарындағы жаңа ауылдық клубтар ел игілігіне берілгенін атап өтті. Бүгінде аудан бойынша 350-ге жуық мәдениет қызметкері еңбек етуде.
Мерекелік кеш барысында аудан әкімі «Қазақконцерт» ұжымына және бірқатар мәдениет саласының өкілдеріне аудан жұртшылығы атынан Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын, сондай-ақ салалық марапаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады. Сонымен қатар сала ардагерлері де назардан тыс қалмай, арнайы құрметке ие болды.
Кеш соңында «Қазақконцерт» ұйымының өкілі Ержан Алданазаров көрсетілген құрмет үшін аудан басшылығы мен тұрғындарға алғысын білдірді.
Мерекелік бағдарлама барысында өнерпаздар дәстүрлі халық әндері мен заманауи музыканы ұштастырып, қазалылық көрермендерге жоғары деңгейдегі концерттік бағдарлама ұсынды.
23 тамыз – Құрылтай сайлауы
14 августа, 2026, 17:00Арал аспанында жастардың жалынды үні
13 августа, 2026, 11:00Қазақ жастары дрон құрастыру технологиясында әлемдік бәсекеге түсуге дайын
12 августа, 2026, 23:29
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
23 тамыз – Құрылтай сайлауы
14 августа, 2026, 17:00 -
Арал аспанында жастардың жалынды үні
13 августа, 2026, 11:00 -
Қазақ жастары дрон құрастыру технологиясында әлемдік бәсекеге түсуге дайын
12 августа, 2026, 23:29 -
Жол қозғалысы ережесін бұзған 9 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды
12 августа, 2026, 18:02
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.






