Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентінде үйден оқытылатын оқушыларды үйіне барып құттықтады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентінде үйден оқытылатын оқушылардың шаңырағына арнайы барып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік іс-шара барысында Жамбыл Жабаев атындағы №234 мектептің 4-сынып оқушысы Әбубек Мансұр мен Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің үйден оқитын оқушысы Ерлан Елдар аудан әкімінің арнайы құттықтауын қабыл алды. Аудан басшысы балалардың жағдайын сұрап, олардың оқу барысы мен күнделікті өміріне назар аударды.
Кездесу кезінде балаларға арнайы әзірленген сыйлықтар табысталып, ізгі тілектер айтылды. Аудан әкімі жас жеткіншектерге мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, білімге деген құштарлық және жарқын болашақ тіледі.
– Әрбір ата-ана үшін баланың шат күлкісі мен қуанышынан асқан бақыт жоқ. Әрбір бала мейірім мен қамқорлыққа бөленіп өсуі тиіс. Мемлекет те, қоғам да ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға әрдайым қолдау көрсетуі қажет, – деді аудан әкімі.
Бұл игі бастама мереке қарсаңында балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамның ерекше күтімді қажет ететін балаларға деген жанашырлығы мен әлеуметтік қолдауының нақты көрінісін көрсетті.
Қызылордада Қазақстан драма театрларының XXXI фестивалі басталды
20 октября, 2026, 12:09
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
Қызылордада «Green Aral: Volunteers for Life 2026» халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды
20 октября, 2026, 17:08 -
Қызылордада Қазақстан драма театрларының XXXI фестивалі басталды
20 октября, 2026, 12:09 -
KazRoadLab: Жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылаудың цифрлық жүйесі
19 октября, 2026, 18:58 -
Жүгері дақылын өсіру жұмыстары қолға алынуда
18 октября, 2026, 15:43
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.







