Қызылордада студент этнос жастары арасында облыстық диктант өтті

36

Бүгін Достық үйінде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім және тіл орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Алаштан жеткен аманат» атты облыстық диктант өтті.


Шараны мекеме директорының орынбасары Мартана Дәулетбаева ашып, өз сөзінде мемлекеттік тілді білудің және оны еркін меңгерудің қазіргі қоғамдағы айрықша маңыздылығына тоқталып өтті.
Шараға шаһардағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім алатын 30-ға жуық студент этнос жастары қатысып, өздерінің тілдік білімдерін таразыға салды.
Сондай-ақ қатысушылардың сауаттылығын сараптап, диктант барысын жүргізуді мекеменің бөлім басшысы Жаныгүл Ерекешова атқарды.
Тілге деген құрмет пен ұлттық құндылықтарды дәріптеген білім сайысының қорытындысы мен жеңімпаздары 16 қыркүйекте анықталып, үздік шыққан жүлдегерлер, сондай-ақ ынталандыру сыйлығының иегерлері мен белсенді қатысушылар арнайы марапатталатын болады.

Advertisements