Елдос Сметов Азия ойындарының алтын медалі үшін сынға түседі

123

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Азиадада финалға шықты.

Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс басталды.

60 келіде басты фаворит саналатын Елдос Сметов жартылай финалда Юнг-вей Янгпен (Тайпей) күресті. Нәтижесінде отандасымыз “ваза-ари” әдісімен жеңіске жетті.

Айта кетейік бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48, 52 және ерлер арасында 60 пен 66 келіде жүлдегерлер анықталады.

Advertisements