АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ЖК «Қайсар» «Paparaci.kz» ақпараттық агенттігі
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,
Ақпарат комитетінің №KZ19VPY00071467
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын https://paparaci.kz ақпарат агенттігінің сайты мен paparaci.kz онлайн-платформаларында орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Қайсар» ЖК – Рaparaci.kz ақпарат агенттігінің меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлауға қатысатын, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға paparaci.kz ақпарат агенттігінің сайты мен paparaci.kz онлайн-платформаларында үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін интернет-ресурстағы орынның ақы мөлшері, шарттары және ұсыну тәртібі туралы хабарлайды. Сайлауалды үгіт-насихат 2026 жылдың 23 шілде сағат 18:00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады.
| № | Қызметтердің атауы | көлемі | Қызметтің құны, ҚҚС
қоса есептегенде |
| 1. | Сайтқа ақпараттық материалдар жариялау | пробелді қоса есептегенде 3000 символға дейін + 3 фотомен, көлемі көп болса әрі қарай бір символ 20 тг есептеледі | 50 000 тг |
| 2. | Сайтқа ақпарттық баннерлерді орналастыру
(1 апта) |
1 постер
|
30 000 тг |
| 3. | Instagram парақшасына | бейнеролик, reels | 70 000 тг |
| 4. | Сайттың
Facebook парақшасына |
бейнеролик,
фото |
70 000 тг |
| 5. | Сайттың Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде пост жариялау | фотомен | 30 000 тг |
Ескерту: Paparaci.kz ақпараттық агенттігіне үгіт материалдарын орналастыру бойынша баға ұсынысы ҚҚС (қосымша құн салығы есепке алынбаған).
Үгіт материалдарын орналастыру үшін жасалған келісім-шарт бойынша ұсынған төлем шоты негізінде 5 (бес) жұмыс күнде жүзеге асырылады.



