Аудан әкімі Ғани Мұратбаев пен Абай ауылы және Қазалы қаласының тұрғындарымен

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Ғани Мұратбаев ауылы, Абай ауылы және Қазалы қаласының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Халықпен ашық форматта өткен жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси және әлеуметтік реформаларға тоқталып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының маңызына ерекше назар аударды. Сонымен қатар өңірде атқарылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік салаларды дамыту бағытындағы жұмыстар жөнінде кеңінен баяндады.
Аудан әкімі өз сөзінде ауданның дамуы тек мемлекеттік бағдарламалармен шектелмей, ел азаматтарының белсенділігі мен ауызбіршілігіне де тікелей байланысты екенін атап өтті. Бұған дейін аймақты басқарған азаматтардың қолдауымен және қазіргі облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың жетекшілігімен ауданда жол, ауыз су, газдандыру, электр желілерін жаңғырту, білім мен денсаулық сақтау салаларында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Ғани Мұратбаев ауылында өткен кездесуде тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Ақтан батыр және Жамбыл көшелерін асфальттау, жеке мал шаруашылығын дамыту үшін жер телімін алу, сондай-ақ ауыл маңындағы инфрақұрылымдық мәселелер сөз болды. Абай ауылы тұрғындары жайылым жерлердің тапшылығы мәселесін көтерді.
Аудан басшысы көтерілген мәселелердің барлығына жеке тоқталып, түсіндірме берді. Ғани Мұратбаев ауылындағы көшелерді жөндеу жұмыстары аудандық жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті. Сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтарға заң аясында Қарақұм өңірінен арнайы жер телімдерін беру мүмкіндігі қарастырылатынын жеткізді. Барлық ұсыныстар бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Кездесу соңында аудан әкімі Мемлекет басшысы бастамасымен өткен жалпыұлттық референдум кезінде аудан халқы көрсеткен бірлік пен белсенділікке тоқталып, тұрғындарға алғысын білдірді. Сонымен бірге алдағы уақытта да елдік маңызы бар бастамаларға қолдау көрсетіп, ауданның дамуына бірлесе атсалысуға шақырды.
Қазалы қаласында өткен кездесуде тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ақсақалдар батасын жеткізді. Кездесуден кейін аудан әкімі жеке мәселелерімен жүгінген азаматтарды қабылдап, олардың өтініш-пікірлерін тыңдады.
23 тамыз – Құрылтай сайлауы
14 августа, 2026, 17:00Арал аспанында жастардың жалынды үні
13 августа, 2026, 11:00Қазақ жастары дрон құрастыру технологиясында әлемдік бәсекеге түсуге дайын
12 августа, 2026, 23:29
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
23 тамыз – Құрылтай сайлауы
14 августа, 2026, 17:00 -
Арал аспанында жастардың жалынды үні
13 августа, 2026, 11:00 -
Қазақ жастары дрон құрастыру технологиясында әлемдік бәсекеге түсуге дайын
12 августа, 2026, 23:29 -
Жол қозғалысы ережесін бұзған 9 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды
12 августа, 2026, 18:02
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.






