
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар негізінен тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй және жер кезегі мәселелерін көтерді. Әрбір азаматтың өтініші назарға алынып, аудан әкімі мен жауапты мамандар тарапынан заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.
Атап айтқанда, мұғалім мамандығы бойынша жұмыс сұраған азаматтарға бос жұмыс орындары тек конкурс негізінде қарастырылатыны түсіндірілсе, тұрғын үй мен жер кезегі бойынша өтініш иелеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес кезектілік тәртібімен берілетіні жеткізілді.
Қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ғазиз Әліш қатысып, бірқатар мәселелер бойынша өз ұсыныс-пікірін білдірді.
Айта кетейік, аудан әкіміне жеке қабылдауға жазылу e-Otinish бірыңғай электронды жүйесі арқылы немесе әкімдікке жазбаша өтініш беру тәртібімен жүзеге асырылады.
Қызылордада Қазақстан драма театрларының XXXI фестивалі басталды
20 октября, 2026, 12:09
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
Қызылордада «Green Aral: Volunteers for Life 2026» халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды
20 октября, 2026, 17:08 -
Қызылордада Қазақстан драма театрларының XXXI фестивалі басталды
20 октября, 2026, 12:09 -
KazRoadLab: Жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылаудың цифрлық жүйесі
19 октября, 2026, 18:58 -
Жүгері дақылын өсіру жұмыстары қолға алынуда
18 октября, 2026, 15:43
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.







