Аудан әкімі Басықара, Құмжиек және Жалаңтөс батыр ауылдарына барып тұрғындармен кездесті

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың елді мекен тұрғындарымен тікелей кездесу форматындағы жұмыс сапары басталды.
Бүгін аудан әкімі бірқатар сала басшыларымен бірге Басықара, Құмжиек және Жалаңтөс батыр ауылдарына барып, тұрғындармен ашық форматта кездесу өткізді. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты – елді мекендердегі өзекті мәселелерді жергілікті жерде талқылап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тікелей тыңдау және шешу жолдарын қарастыру.
Сапар барысында аудан басшысы алдымен Басықара ауылында болып, ауыл тұрғындарымен жүздесті. Кездесу кезінде Алмасбек Әбілқасымұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды реформаларға, елімізде жүргізіліп отырған конституциялық өзгерістерге, «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғамдағы орнына, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар ел дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың өңірде іске асырылу барысын да атап өтті.
Аудан әкімі өз сөзінде бұрынғы өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың жетекшілігімен жүзеге асқан әлеуметтік маңызы бар жобаларға және қазіргі аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, инфрақұрылым, газдандыру, ауыз су, электр желілерін жаңғырту және жол құрылысы бағыттарындағы жобаларды тілге тиек етті.
Басықара ауылдық клубында өткен кездесуде тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауылішілік жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды газ жүйесіне қосу, білім беру саласына қатысты мәселелер және балабақша ғимаратын жөндеу қажеттігі айтылды.
Аудан әкімі көтерілген мәселелердің әрқайсысына жеке тоқталып, түсініктеме берді. Кейбір ұсыныстар бойынша алдағы уақытта заң талаптарына сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нақты шешім қабылданатынын жеткізді. Сонымен қатар ауылдық округ әкіміне, мектеп пен балабақша басшыларына халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Кездесулер бұдан әрі Құмжиек және Жалаңтөс батыр ауылдарында жалғасын тапты. Бұл елді мекендерде де тұрғындар жол инфрақұрылымын жақсарту, электр желілерін жаңғырту, ауылішілік көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу және жаяу жүргіншілер жолдарын салу сынды ұсыныстарын жеткізді.
Аудан әкімі барлық ұсыныстарды мұқият тыңдап, олардың кезең-кезеңімен қарастырылатынын атап өтті. Әрбір мәселе бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, орындалу барысы бақылауда болатынын жеткізді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына да ерекше тоқталып, тұрғындарды туған жердің тазалығы мен көркеюіне бірлесіп үлес қосуға шақырды.
23 тамыз – Құрылтай сайлауы
14 августа, 2026, 17:00Арал аспанында жастардың жалынды үні
13 августа, 2026, 11:00Қазақ жастары дрон құрастыру технологиясында әлемдік бәсекеге түсуге дайын
12 августа, 2026, 23:29
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
23 тамыз – Құрылтай сайлауы
14 августа, 2026, 17:00 -
Арал аспанында жастардың жалынды үні
13 августа, 2026, 11:00 -
Қазақ жастары дрон құрастыру технологиясында әлемдік бәсекеге түсуге дайын
12 августа, 2026, 23:29 -
Жол қозғалысы ережесін бұзған 9 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды
12 августа, 2026, 18:02
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.






