Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жолшылар игі іс жасады

33

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалының ұжымы ерекше қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, қаламыздағы көпбалалы отбасының шаңырағына арнайы барды.

Мерекелік кездесуде орталық қызметкерлері балаларға түрлі ойыншықтар, тәттілер мен сыйлықтарға толы қоржын тарту етіп, олардың мерекелік көңіл күйін көтерді. Бүлдіршіндердің жүзіндегі шаттық пен қуаныш – бұл игі бастаманың басты нәтижесі болды.

Сонымен қатар, аталған отбасында тәрбиеленіп жатқан, аяғын күйік шалған жасөспірімнің денсаулығына алаңдаған жол саласының мамандары оның ем-домына қолдау көрсету мақсатында қаржылай көмек табыстады. Бұл отбасы үшін үлкен демеу болып, ата-анасының ризашылығына ие болды.

Балалар – еліміздің ең қымбат байлығы, жарқын болашағы. Олардың дені сау, білімді әрі бақытты болып өсуіне жағдай жасау – барша қоғамның ортақ міндеті. Осындай ізгі бастамалар адамгершілік пен жанашырлықтың, әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын көрінісі екені сөзсіз.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалы ұжымының бұл қайырымды ісі мерекемен ғана шектелмейтін, қоғамдағы өзара қолдау мен қамқорлықтың айқын үлгісіне айналды. Мұндай игі дәстүрлер көпке өнеге болып, мұқтаж жандарға үміт пен қуаныш сыйлайтыны анық.

Балалардың күлкісі ешқашан сөнбесін, әр шаңырақта шаттық пен береке орнасын! Барша бүлдіршінге бақытты балалық шақ, зор денсаулық, жарқын болашақ тілейміз.

Advertisements