Ауданда әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланды

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен өткен мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері қаралып, экономиканың басым бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Жиын барысында ауданның қаржы-экономикалық әлеуетін арттыру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы міндеттер жан-жақты сараланды.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен жауапты сала жетекшілері қатысып, өз құзыреттеріне сәйкес атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла баяндама жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджеттің орындалу барысы және қаржы саласындағы негізгі нәтижелер туралы ақпарат ұсынды.
Баяндама барысында аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту, қаржының тиімді игерілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен аудан экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету мәселелері де кеңінен сөз болды.
Жиында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады.
Атап айтқанда, аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру, егіс науқанын ұйымдастыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, мал шаруашылығын дамыту және жер ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар туралы мәлімет берілді. Сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары мен инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысы таныстырылды.
Мәжілісте кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Рауан Әбдіқасов ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларындағы көрсеткіштеріне тоқталып өтті.
Баяндамашы шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа кәсіпкерлік нысандарын ашу, инвестиция тарту, жұмыс орындарын құру және өндірістік әлеуетті арттыру бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар арқылы көрсетіліп жатқан қолдау шаралары мен кәсіпкерлерге жасалған мүмкіндіктер жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Жиын барысында аудан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру, өндіріс көлемін арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Аудан әкімі Жандос Еркінбек ауданның экономикалық дамуы барлық саланың үйлесімді жұмысына байланысты екенін атап өтіп, жауапты басшыларға нақты міндеттер жүктеді.
– Аудан экономикасының тұрақты дамуы – біздің негізгі мақсатымыз. Әрбір сала бойынша белгіленген көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етіп, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Бұл бағытта жүйелі жоспар мен нақты нәтижеге негізделген жұмыс болуы тиіс, – деді аудан басшысы.
Сонымен қатар аудан әкімі экономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықовқа барлық бағыттағы жұмыстарды үйлестіріп, олардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жиын қорытындысында жауапты бөлім басшыларына ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету, кәсіпкерлікті қолдау және ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Қаралған мәселелердің орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.







