Қазалы ауданының командасы — облыс чемпионы!

55

Қызылорда облысында әуесқой футбол командалары арасында өткен XIII облыстық футбол чемпионаты өз мәресіне жетті.

Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша Қазалы ауданының командасы жеңімпаз атанып, облыс чемпионы деген атақты иеленді.

Қазалылық футболшылар командалық жеңіспен қатар, жеке номинациялар бойынша да үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Нұрперзент Төребек «Үздік қақпашы», ал Ғабит Ешмаханов «Үздік ойыншы» номинациясының жеңімпазы атанды.

Облыс чемпионы атанған Қазалы ауданының командасы енді Өскемен қаласында өтетін келесі кезеңде Қызылорда облысының намысын қорғайды.

Advertisements