Кенттегі жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде жол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынасын қамтамасыз ету мақсатында кент ішіндегі көшелерде орташа жол жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Қазіргі таңда Қ. Әбенов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жоба аясында облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары бастау алды.
Жол жөндеу барысында ескі асфальт қабатын жаңарту, жол табанын тегістеу және жаңа асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол сапасына ерекше мән берілуде.
Жоба толық аяқталғаннан кейін тұрғындар мен автокөлік жүргізушілеріне қолайлы әрі қауіпсіз жол пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл өз кезегінде кент ішіндегі көлік қатынасын жақсартып, тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар жол жөндеу жұмыстары алдағы уақытта Тасбөгет кентіндегі М. Шоқай, С. Олжабайұлы және А. Құнанбаев көшелерінде де кезең-кезеңімен жалғасын табады.
Аталған жұмыстар кенттің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады.
Жалпы, Қызылорда қаласы мен оған қарасты елді мекендерде жол сапасын жақсарту, көшелерді кезең-кезеңімен жаңғырту және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Exit poll нәтижесі жарияланды
24 августа, 2026, 01:26
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
Есірткі тасымалына тосқауыл қойылды: Қызылорда облысында 2 килограммға жуық марихуана тәркіленді
25 августа, 2026, 11:03 -
Exit poll нәтижесі жарияланды
24 августа, 2026, 01:26 -
Құрылтай сайлауы: алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы алғашқы үштікте
24 августа, 2026, 01:24 -
Жаңақорғанда Құрылтай сайлауы күні 3 сәби дүниеге келді
24 августа, 2026, 01:21
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.







