ҚМА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭТД ӨКІЛДЕРІ ҚАРИЯЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

135

Қаржылық мониторинг агенттігінің қолдауымен Қызылорда облысы бойынша ЭТТД өкілдері  қарияларды төл мерекесімен   құттықтап  қайтты.

Үлкенді сыйлау халқымыздың қанында бар қасиет. Департамент басшысы Аслан Кеңес бастаған бір топ қызметкерлер облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаевпен арнайы кездесіп, ақсақалдарға мерекелік сыйлық табыс етті.   Кездесуде  10-20 қазан аралығында өтетін «Fin IQ» жобасын зейнеткерлер арасында насихаттау, ақпараттандыру мәселесі талқыланды. Серік Әбішұлы қолға алынған жаңа бастаманы қолдайтынын, бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін айтты. Мереке қарсаңында арнайы келген департамент қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Advertisements