РЕСПУБЛИКАДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ«FIN IQ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛАДЫ

242

Қаржылық мониторинг агенттігі республика көлемінде 10-20 қазан аралығында қаржылық қауіпсіздік бойынша “Fin IQ” диктантын жүзеге асырмақшы. Диктант тест форматында Қаржылық мониторинг  академиясының ресми сайтында жүргізіледі. Кез-келген азамат қаржылық сауаттылық бойынша 20 сұраққа жауап беріп, агенттік сертификатына ие болады. Егер 16-дан көп сұраққа дұрыс жауап берілсе, диплом беріледі.

Қызылорда облысы бойынша ЭТТД аталған жобаны өңірде жүзеге асыру мақсатында кездесу өткізді. Жиынға «Halyk bank» АҚ Қызылорда облыстық филиалының және облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры, «Қарызсыз қоғам» жобасының Қызылорда облысындағы өкілі, Қызылорда облыстық “Жастар ресурстық орталығы” директоры қатысты.  Басқосуда департамент басшысы Аслан Кеңес «Қаржылық қауіпсіздік» бойынша диктанттың тұрғындар үшін маңыздылығын, оны барынша насихаттау керектігін айтты.  Жиынға қатысқан өкілдер жобаны қолдайтынын айтып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта бірге жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.

Advertisements