Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевты Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Осыған байланысты ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.
Бұған дейін бұл қызметті Роман Скляр атқарған болатын.







