Президент: Қазақстанда тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу қажет

49

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасын жаңа сапалық деңгейге көтеру қажеттігін айтты.

Президенттің пікірінше, «Таза Қазақстан» бүгінде жалпыұлттық сипатқа ие болған бастамаға айналып, халықтың саналы таңдауын көрсетіп отыр.

«Таза Қазақстанды» ұлт болмысына озық өзгерістер әкелген бірегей жоба деп атауға да болады. Осындай маңызды жұмыстың арқасында халқымыздың бойында мүлде жаңа қасиеттер мен құндылықтар пайда бола бастады», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев тазалық бағытындағы жұмыстармен шектеліп қалмай, бұл бастаманы одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

«Біз өркениетті ел боламыз десек, тек алға қарай жүруіміз керек. Алдымызда тұрған биік және өзекті мақсаттар мен міндеттер аз емес, көп деп айтуға болады. Біз «Таза Қазақстан» қозғалысын жаңа сапалық деңгейге көтеруіміз керек», – деді Президент.

Мемлекет басшысы елімізде тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу қажеттігін де атап өтті.

«Елімізде тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу қажет деп ойлаймын. Бұл – уақыт талабы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Advertisements