«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылғы 11 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Елжас Отыншиев және басқа да адамдарды ұстағанын ресми түрде растады.
«Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген ҰҚК хабарламасында.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда қордың баспасөз қызметі уәкілетті органдардан ресми ақпарат алынып, оқиғаның мән-жайы анықталғанша түсініктеме беруден бас тартқан.
«Самұрық-Қазына» – Қазақстанның стратегиялық кәсіпорындарын басқаратын ұлттық әл-ауқат қоры. Оның құрамына «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазатомөнеркәсіп», «Эйр Астана», «Қазақтелеком» және KEGOC сияқты ірі компаниялар кіреді.







