Зарина Толыбай – әлем чемпионы!

Черногорияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медальға қол жеткізді. Финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Зарина Толыбай ресейлік қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Сырбойылық дарын шешуші кездесуде басымдық танытып, жарыстың ең биік тұғырынан көрінді. Бұл жеңіс – отандық бокс үшін үлкен жетістік әрі жас спортшылардың табандылығы мен жоғары шеберлігінің айқын көрінісі.







