Бітпеген тұрғын үй кешенінен өрт шықты

151

Paparaci.kz Қызылордада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Қызыл жалын ғимараттың екінші қабатында тұтанған. Өрт сөндірушілер оттың ортасында қалған 8 адамды құтқарып, дер кезінде көмекке келген. Өлім-жітім жоқ. Екі адамды күйік шалып, біреуі ауруханаға түсті. Құтқарушылар 48 шаршы метрді шарпыған өрттің арасынан 1 кіші сыйымдылықты және 50 литрлік 4 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген. Басын қауіп-қатерге тіккен өрт сөндірушілер осылайша жарылыстың алдын алды. Мамандардың айтуынша жалынның тұтануына газ жылытқышынан шыққан ақау себеп болған.

Advertisements