Қатты дауылдан шатырлар ұшып жатыр

167

Paparaci.kz Қызылорда облысында үскірік аязбен қатар қатты дауыл соғып, ғимараттардың шатырын ұшырып жатыр. Қалада көпқабатты екі тұрғын үйдің қасбеті желге шыдас бермей, метал жабындылары ажырап кетті. Сондай-ақ, ұлттық ұлан әскери бөлімінің казармасы мен Шиелі ауданы, Қосүйеңкі ауылының мектебі шатырсыз қалды. Жалпы өңірде желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетіп отыр. Синоптиктердің болжамы бойынша дауыл 16 желтоқсанда басылады.

Advertisements