Еліміз бойынша 326 лото клуб жабылды

376

Paparaci.kz Республика аумағында бір күнде 300-ден астам құмар ойын ұйымдастыратын «Loto Club» желілерінің қызметі тоқтатылды. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, лотерея клубтарының атымен жұмыс істейтін заңсыз онлайн-казинолардың ірі желісін жою операциясын өткізді.

Ғимараттарды тінту барысында 23 атыс және травматикалық қару, 247 млн теңге, 55 млн Ресей рублі, 125 мың АҚШ доллары, компьютерлік техника, мобильді құрылғылар, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ал олардың ойыншылардан тапқан табысының 70%-ға жуығы шетелге шығарылған.

Кейбір лото клубтарда заңсыз ойын қызметінен басқа, қалталы клиенттерге интимдік қызметтерді ұйымдастыру, есірткі заттарын пайдалану фактілері анықталды. Арнайы операциядан кейін полицияға құмар ойынға қатысы бар 400-ден астам адам жеткізілді.

Advertisements