Қызылордада аспалы көпірдің жігі ажырады

239

Paparaci.kz Қызылордада қала мен Сырдарияның сол жағалауын жалғайтын аспалы көпірдің жігі ажырап барады. Бүгінде өткелдің екі жақ бетінде қосылған тұстары 10 сантиметрге дейін алшақтаған. Тіпті, адам аяғы түсіп кететіндей ұлғайып, көлік жүргізушілері өткелдің жалғанған жеріндегі ахау қозғалыс кезінде қатты байқалатынын айтады. Жалпы автомобиль жолына арналған аспалы көпір 2017 жылы ел игілігіне берілген. Жыл сайын оны күтіп ұстауға бюджет есебінен 10 миллион теңге бөлініп келеді. Әкімдік өкілдері көпір жігінің ажырауын соңғы күндері күн райының суытуымен байланыстырып отыр. Дегенмен, сала мамандарымен зерделеу жұмыстары жүргізілмек.

«Көпірдің деформационный жігтері қыстыгүні өзі ашылып, жазда қайта тартылады. Көпірдің конструкциясына байланысты ешқандай деформациялар жоқ. Қосымша тағы да тиісті мамандарды тарта отырып зерттейтін боламыз»-деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.

Advertisements