Дала өртін ауыздықтауға жолшылар да сақадай сай дайын

122

paparaci.kz Қызылордада «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Тактикалық жаттығу барысында өрт сөндірушілермен бірге азаматтық қорғаныс қызметтерінің де далалық жерде тұтанған қызыл жалынға қарсы шұғыл әрекеті мен іс-қимылы пысықталды.

Қала аумағындағы далалық жер кенеттен өртке оранып, шұғыл шақыртудан соң төтеншеліктер жедел әрекетке көшті. Себебі, жалын желдің екіпінімен жасыл желекті шарпып бара жатыр. Оқу-жаттығу жоспары бойынша жедел штаб құрылды. Бірінші әрекет қалың тоғайда тұтанған өртке жету үшін жол ашу. Бұл миссияға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалдарының арнайы техникалары жұмылдырылып, жолшылар уақыт оздырмай өртенген алқапқа жол ашып берді. Әрі қарай өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, екі гектар жерді шарпыған өртті сөндіруге 80 адам, 18 техника жалынды ауыздықтауға атсалысты. Оқыс оқиғадан зардап шеккен екі адамға тік ұшақ келіп, эвокуацияланды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 118 өрт тіркелген. Оның ішінде тоғыз жерде орман және дала өрті.

Advertisements