“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды

Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бір реттік науқаннан гөрі, қоғамдық санаға әсер етіп, тұрғындардың күнделікті өмір салтына біртіндеп сіңіп келе жатқан маңызды бастамаға айналды. Бұл бағыттағы жұмыстар Қазалы ауданында да жүйелі түрде жалғасып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және қоғамдық орындардың көркеюіне ықпал етуде.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тазалық мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, аталған бағыттағы жұмыстардың сапалы әрі үздіксіз жүргізілуіне ерекше мән беріп келеді. Ол әрбір елді мекеннің тазалығы тек коммуналдық қызметтің ғана емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтіп, бұл бағыттағы тәрбие мен түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын жиі еске салады.
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Шараға ауданның барлық кент, қала және ауылдық округтеріндегі мемлекеттік мекемелер, дербес бөлімдер, жастар ұйымдары мен еріктілер белсенді түрде қатысып, қоршаған ортаны тазарту жұмыстарына атсалысты.
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінде өткен сенбілік барысында бірқатар қоғамдық аумақтар қамтылды. Атап айтқанда, «Қазалы мәдени-демалыс кешені» аумағы, теміржол вокзалы жанындағы Әйтеке би ескерткіші маңы, 5-квартал аумағы, сондай-ақ Т. Бөріқұлақов пен Ж. Аймауытов көшелерінің бойында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Аталған аумақтарда шөптер шабылып, жиналған қоқыстар шығарылып, қоғамдық кеңістіктердің сыртқы келбеті ретке келтірілді.
Аудан әкімі сенбілік барысын салаға жауапты орынбасары және кент әкімімен бірге аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына назар аударды. Ол жауапты мамандарға тазалық жұмыстарын тек науқандық сипатта қалдырмай, тұрақты негізде жүйелі жүргізу, сондай-ақ қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Экологиялық акция ауданның барлық елді мекендерінде қатар жүргізілді. Жалпы сенбілікке 132 мекемеден 1 532 адам тартылып, 15 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде жиналған қоқыстар арнайы полигондарға шығарылып, жалпы көлемі 12,7 тонна қалдық сыртқа шығарылды.
Туған жердің тазалығы мен көркеюі – тек коммуналдық қызметтің міндеті емес, әрбір тұрғынның азаматтық жауапкершілігі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, ауданның санитарлық ахуалын жақсартуға және қоғамдық аумақтардың эстетикалық келбетін арттыруға бағыттала бермек.
Президент Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
26 августа, 2026, 10:50
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
Президент Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
26 августа, 2026, 10:50 -
Қазалы ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады
26 августа, 2026, 10:48 -
Сайлаудан кейін үгіт-насихат плакаттары қойылған орындар тазаланды
25 августа, 2026, 20:52
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.







