Қазалыда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған тұрғын үй құрылысы жүргізілуде

28

Биыл Қазалы ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін пайдалануға берілетін 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 

Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аумағында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын көріп, құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан кәсіпкерлермен кездесті.

Қазіргі таңда тұрғын үйлердің шатырын жабу, ішкі әрлеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы кәсіпкерлерге тұрғындардың игілігі үшін берілетін баспаналарды мерзімінен кешіктірмей тезірек сапалы етіп аяқтау керектігін айтты. Ал салаға жауапты орынбасарына тұрғын үйлерді қабылдау кезінде барлық талаптарға сай болуын, алдағы уақытта тұрғындардан ешқандай шағым болмау керектігін тапсырды.

Айта кетейік, тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, өткен жылы ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 пәтерлі 40 тұрғын үй сатып алынып, 80 отбасыға жаңа баспана табысталған болатын.

Қазалы тұрғын үй.jpg

Advertisements