«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді үлес қосқан азаматтарды марапаттауға арналған шара өтті

Бүгін Қазалы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді үлес қосқан азаматтарды марапаттауға арналған шара өтті.
Теміржол вокзалы жанындағы Жалаңтөс баһадүр атындағы саябақта өткен шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, экологиялық акция аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ тазалық шараларына белсенді қатысқан азаматтарға Алғыс хаттар табыстады.
- Президентіміз әрдайым: «Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы», – деп атап өтеді. Бұл – әр азаматқа жүктелген ортақ жауапкершілік.
Бүгінде жалпыұлттық экологиялық бағдарлама аясында ауданымызда саябақтар, скверлер мен аллеялар, тұрғындар көп шоғырланатын орындар кезең-кезеңімен абаттандырылуда. Ауа райының кез келген мезгіліне қарамастан еңбек етіп жүрген жерлестеріміздің арқасында ауданымыздың келбеті көркейіп келеді.
«Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әр елді мекеннің тазалығы тұрғындардың жанашырлығына тікелей байланысты. Әр көшенің, әр ауланың тазалығы – тұтас ауданның айнасы.
Барша жерлестерімізді игі бастаманы өз ауласынан бастап, елді мекендерде тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуға шақырамын, – деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Марапаттау рәсімінен кейін шара сенбілік жұмыстарына ұласып, қазалылықтар туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Ауданда жыл басынан бері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 50-ден астам кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Әйтеке би кентінде 100 қоқыс жәшігі сатып алынса, демеушілер есебінен тағы 80 жәшік тұрғын үйлерге орналастырылды. Жыл басынан бері 5680 тонна қоқыс арнайы орындарға шығарылды.
Сонымен қатар, елді мекендерде 5500 түп ағаш көшеті егіліп, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Exit poll нәтижесі жарияланды
24 августа, 2026, 01:26
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
Есірткі тасымалына тосқауыл қойылды: Қызылорда облысында 2 килограммға жуық марихуана тәркіленді
25 августа, 2026, 11:03 -
Exit poll нәтижесі жарияланды
24 августа, 2026, 01:26 -
Құрылтай сайлауы: алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы алғашқы үштікте
24 августа, 2026, 01:24 -
Жаңақорғанда Құрылтай сайлауы күні 3 сәби дүниеге келді
24 августа, 2026, 01:21
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.







