
Қызылорда қаласында жылыту маусымының қорытындысы шығарылып, алдағы қысқы кезеңге дайындық мәселелері жан-жақты талқыланды. Бұл мәселе облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте қаралып, одан кейін қала әкімдігінде арнайы жиын ұйымдастырылды. Жиынды қала әкімі Нұржан Ахатов жүргізіп, тиісті сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Жалпы, қала бойынша 1 623 нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандары мен тұрғын үйлер бар. Жыл сайынғы тәжірибеге сәйкес, барлық жылу қазандықтары жылыту маусымы басталғанға дейін толық дайындықтан өткізіледі. Бұл жұмыстардың сапалы жүргізілуі қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Өткен жылыту маусымы барысында қатты отынмен қамту мәселесі де өз деңгейінде шешімін тапқан. Жоспар бойынша 59 мың тонна көмір қоры қарастырылып, қыс бойы отын тапшылығы туындаған жоқ. Бұл өз кезегінде жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысының нәтижесі екені атап өтілді. Алдағы уақытта да көмір қорын алдын ала жасақтау және жеткізу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.

Жиында қала әкімі алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап күшейту керектігін ерекше атап өтті. Әсіресе, қала аумағындағы, сондай-ақ кенттер мен ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандардың қазандықтарын толық әзірлеу, қажетті отын қорын дер кезінде жинақтау қатаң бақылауда болуы тиіс екенін жеткізді. Сонымен қатар, келесі жылыту маусымына қажетті көмірді жеткізу бойынша мердігерлермен келісімшарттарды алдын ала жасап, логистикалық мәселелерді ерте кезеңде шешу қажеттігі айтылды.
Мәжіліс барысында күн тәртібінен тыс өзге де маңызды мәселелер қозғалды. Соның бірі – қаланың санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстары. Шаһар басшысы тұрғындардың өмір сүру сапасы тікелей қоршаған ортаның тазалығына байланысты екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізу қажеттігін айтты.
Осы ретте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы жұмыстардың маңызына ерекше тоқталды. Бағдарлама шеңберінде қала аумағын таза ұстау, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын күшейту – басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар, тазалық талаптарын бұзған азаматтар мен мекемелерге қатысты заң аясында тиісті шаралар қолданылатыны ескертілді.
Жиын қорытындысында алдағы мерекелік және атаулы күндерді жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Тиісті сала басшыларына мерекелік іс-шараларды мазмұнды әрі ұйымдасқан түрде өткізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жалпы, аталған жиында көтерілген мәселелер қаланың инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және қысқы кезеңде тұрақты жылумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жүйелі жалғасатынын көрсетті. Қыстың қамын жазда ойлаған өңір үшін мұндай дайындық шараларының маңызы зор.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
-
Партия қатары білікті мамандармен толықты
6 мая, 2026, 15:41 -
Арал: Аудан әкімі ас тұзын өндіру және мотоцикл құрастыру зауытымен танысты
6 мая, 2026, 15:38 -
Қызылордада 240 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
6 мая, 2026, 14:44 -
Автомектептерге жаңа талап қойылмақ – Мәжіліс
6 мая, 2026, 11:52 -
Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімі қызметінен босатылды
6 мая, 2026, 11:35
Біз туралы
Сайт 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №№KZ19VPY00071467 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде paparaci.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.







